Инженерлік геодезия

0.00

Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»
республикалық ғылыми-практикалық орталығы бекіткен
Пікір жазғандар:
Ж. Д. Байгурин – техника ғылымдарының докторы, профессор;
Т. П. Пентаев – техника ғылымдарының докторы, профессор;
Д.Ж. Бастаубаева – техника ғылымдарының кандидаты.
Инженерлік геодезия: Оқулық. /Т. Тұяқбаев, С. Солтабаева, Ж. Нукарбекова, Ы. Жақыпбек. – Алматы: ЖШС РПБК
«Дəуір», 2013. – 320 бет.
ІSBN 978-601-217-390-1
Оқулықта “Геодезия жəне топография негіздері”, «Құрылыс-монтаж
өндірісіндегі геодезиялық жұмыстар» “Инженерлік геодезия” пəндерінен
оқу жоспарларына сəйкес топогеодезиялық жəне инженерлік құрылыс
кездеріндегі жұмыстардың барлығы дерлік толық қамтылған.
Оқулық техникалық жоғары оқу орындарының құрылыс, геодезия,
кар тография, жерге орналастыру жəне жер кадастры мамандықтарының
бағдарламасына сай жазылған.
Оқулықты құрылыс, геология, геофизика, тау-кен істері мамандарының
толық пайдалануына болады.
ƏОЖ 528(075.8)
КБЖ 26.12 я73

Сравнить книги

Описание

КІРІСПЕ
Қазіргі кезде құрылыс өндірісінде индстрациялау жоғарғы
деңгейге жеткен. Индустрациялау əдісімен салынатын құрылысмонтаждау көлемі өсіп, даму үстінде. Көбінесе ғимараттар мен
құрылыстарды құрама, құрама-темір-бетонды конструкциялардан салу; құрылыс машиналары жəне монтаждау жабдықтары ның
жаңа, тиімді, өндірімді түрлері іске қосылуда.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын құрылыс өндірісінде тиімді іске асыру үшін, уақтылы ең аз шығынмен
жаңа қуат көздерін, тұрғын үйлерді, заводтар мен фабрикаларды жəне əртүрлі инженерлік құрылыстарды (гидроқұрылыстар,
темір, тас жолдар, т.т.), сонымен бірге жобалық жəне құрылысмонтаждау жұмыстарының сапасын арттыру керек.
Сонда құрылыс-монтаждау өндірісінде қолданбалы геодезияның маңыздылығы өсе түседі де, ондағы істелетін жұмыстар ға
қойылатын геодезиялық өлшем дəлдіктерінің талаптары артады.
Мұндағы ерекше орын алатын геодезиялық жұмыстар – құрылыс
құрамаларын жобалық жағдайға дұрыс келтіріп орнату, яғни
геодезиялық əдістермен құрамаларды жасау жəне монтаждау
кез дерінде жіберілген қателіктерді уақтылы анықтап, түзетіп
отыру. Құрылыстағы геодезиялық жұмыстарды дұрыс бағаламау,
анықталған қателіктерді дер кезінде жойып, орнына келтірмеу
құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасын төмендетіп немесе үлкен шығынға əкеп соғады (құрылысты қайта салу, жобалық жағдайға келгенше түзету, адам өміріне туатын өндірістік
қауіп, т.т.).

Детали